Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ант қабылдады

3309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/41c3dd35-609a-48c6-beac-f7eb8789c00e.jpeg

Оңтүстік Кореяда 9 наурыз күні президент сайлауы өтті. Онда «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Юн Сок Ёль ант қабылдап, Корея Республикасының президенті қызметіне кірісті. Президенттің ұлықтау рәсімі жоспарланғандай жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00) басталды. Салтанатты іс-шараға 40 мыңға жуық адам шақырылды. Юн Сок Ёль штаб бастықтарының біріккен комитетінің өкілдерімен кездесуден кейін түн ортасында президенттік қызметін бастады. Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинап жеңіске жетті. Оның басты бәсекелесі биліктегі «Тобуро» демократиялық партиясынан шыққан Ли Чжэ Мён 47,83% дауыс жинады.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии