10 мамырға қараған түні Петропавлда екі тұрғын үй мен үш шаруашылық ғимараты өртенді. Өрт сөндірушілер төрт үйдегі өртті сөндіріп үлгерді. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өрт сөндірушілердің мәліметінше, Петропавл қаласының Қопай шағынауданында қамыс өртенген. Жалын тұрғын үйлерге тарады.
«Сағат 18:00 шамасында қамыс жана бастаған.Өрт жақын орналасқан жеке үйлерге таралды. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдар мен өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 31 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Үш газ баллоны эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Кірме жолдардың тарлығынан және жеке сектор құрылысының тығыздығынан өртті сөндіру күрделене түсті. Өрт сөндіру құрылыстарының ауданы — 173 шаршы метр, қамыс — 500 шаршы метр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады ТЖД.
Айта кетейік, кеше Қостанайдағы ірі өрттен 11 тұрғын үй зардап шеккен болатын. Мұнда да өрттің шығу себебінің бірі Тобыл жағалауындағы қамыстың жануы еді.
”Адырна” ұлттық порталы