Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев сыртқы қарызды көбейте бермей, бар қаражатты дұрыс пайдалану керек екенін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
— Қазіргі таңда бәріміз Жаңа Қазақстанды құруға белсенді кірісіп жатырмыз. Бұл жолда барлық салада жаңа қадам, тың көзқарас қажет екені анық. Соның ішінде республикалық бюджетті қалыптастыруда да жаңа тәсілдер керек деп есептейміз. Президент айтқандай, Жаңа Қазақстан дегеніміз – ең алдымен әділетті Қазақстан, - деді ол.
Өз сөзінде Әшімбаев бюджетті қалыптастыру ашық, әділ, тиімді жүргізілуі тиіс екенін, оны жұмсауда да үнемділік, жинақылық болу керектігін, сондай-ақ халықтың талабы және Мемлекет басшысының жүктеп отырған міндеті орындалған жағдайда Жаңа Қазақстан болатындығымызды айтты.
"Адырна" ұлттық порталы