Сотталған азамат Ақтөбедегі науқас анасымен кездесу үшін колониядан қашып кеткен

5464
Adyrna.kz Telegram

Сотталған Ақтөбелік ер азамат колониядан анасымен кездесу үшін қашып кетті, - деп хабарлайды " Адырна" тілшісі Diapason басылымына сілтеме жасап.

36 жастағы Ақтөбе тұрғыны ауыр қылмыс жасағаны үшін сегіз жылға сотталған, ол қалған мерзімін колонияда өтейді. Ол жерде ол жұмысқа шығып, кешке қайтады.

Бірде оның колониядан қашып кеткені байқалады. Ол ауылда әпкесімен бірге ұсталды. Қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта ер адам анасының ауыр дертке шалдыққанын білгенін айтты. Ол Шұбарқұдық ауылында тұрады, ол колония басшылығынан оған баруға мүмкіндік беруін өтінген, бірақ оның ниетін құптамаған. Ақырында ол қашуға бел буды. Ақтөбеде бір тәулікке пәтер жалдап, кейін ауылға анасына барады, содан кейін әпкесіне барып, сонда ұсталды.

Бұрынғы қылмысы үшін оның жазасын өтеуіне небәрі 4 ай қалған болатын, бірақ сот оны қашып кеткені үшін тағы бір жылға бас бостандығынан айырды. Колония-қонстаннан ол қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне ауыстырылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер