"Назарбаев Қазақстанды құртты, оның аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады" - Әбдірахманов

13098
Adyrna.kz Telegram

"Назарбаев Қазақстанның негізін қалаған жоқ, қайта оны құртты. Оның аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады". Бұл пікірді Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Негізін қайта керісінше ол құртты. Жайнап тұрған Қазақстан. Тәуелсіз сарапшылар АҚШ-тың ЦРУ-ы, Халықаралық эксперттердің бағасы бойынша Қазақстан 1980 жылдардың аяғында халықтың тұрмыс деңгейі бойынша 30-елдің қатарына кіріп, 28 орынға шықты. Осындай ашық мәліметтер осы желіде бар. Сол себептен 1980-1990 жылдардың аяғымен салыстырсақ, халықтың жағдайы 5 есе нашарлап кетті. Енді осыдан кейін негізін қалады деп айтуға бола ма? Өкінішке қарай, бұл кісінің аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады. Сондай жағдайға Қазақстанды жеткізді", - деді Серік Әбдірахманов. 

Пікірлер