Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзарды

1229

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзартылды. Сот шешімімен олар тағы екі ай қамауда болады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту туралы санкция берілді", - деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

20 сәуірде Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Кейінірек Төребаевтың адвокаты бұлтартпау шарасына қарсы шығып, блогерді үйқамаққа қалдырмақ болды, ал прокурор оны екі айға қамауға алуды сұрады. Бірақ судья 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Еске салайық, ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов қаржылық пирамида құрды деген күдікке ілінген болатын. Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Ал қаржы пирамидасының қатысушылары блогер Мейіржан Төребаевты босатуды сұрады. Ал Рустам Әбдірахманов Вайнер Шерниязов екеуіне бұлтартпау шарасы не себепті қамауға алынғанын түсіндірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket