Қазақ тіліне сұраныс өте жоғары - Владислав Тен

1710

Бүгін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен тіл жанашырлары марапатталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.  

Марапатталғандар қатарында тіл маманы Владислав Тен де бар.

«Төсбелгіні алғашқылардың бірі болып алғаныма қуаныштымын. Мен өз жұмысымды істеп жүрмін. Осы жұмысым мемлекетке, Білім министрлігіне ұнаған болар. Сол себепті мені де осы жиынға шақырды», – деді Тен.

Ол қазақ тілінің болашағы зор болатынына сенім білдірді.

«Қазқ тілін дамытуға өз үлесімді қосып жүрмін. Тіл орталығымызда бірнеше тіл үйретеміз. Оның ішінде қазақ тілі де бар. Қазақ тіліне сұраныс өте жоғары. Сол себепті дәл қазір қазақ тілін оқытумен айналысып жүрміз», – деді тіл маманы.

«Қазақ тілін үйренушілер көп келеді. Басында басым бағытымыз ағылшын тілі болған. Енді қазір қазақ тіліне сұраныс артып жатыр», – деп түсіндірді Владислав Тен.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket