Су бермейміз: Қырғыз депутаттары Қазақстанды қорқытуда

3413
Adyrna.kz Telegram

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан тарапынан келетін судың көлемі өзгермейтінін атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Қырғыз тарапының депутаттары шекарадағы сауда қатынасы реттелмесе, Қазақстанға тиесілі суды қысу керек деген мәселе көтергені айтылып жүр. Шынымен де сондай тәуекел бар ма», - деп сұрады БАҚ өкілі министрден.

Ведомство басшысының айтуынша, ресми деңгейде ондай мәселе күн тәртібіне қойылып отырған жоқ.

«Қырғыз Респбуликасына су ресурстары бойынша қаншалықты тәуелдіміз дегенге келсек, расымен тәуелділік бар. Негізінен Қырғызстан аумағындағы Тоқтағұл су қоймасынан келетін суға тәуелдіміз. Қырғыздармен арада келісім бар. Олардың бізге бөлуі тиіс су көлемдері бойынша ешқандай тәуекел немесе қауіп көріп тұрған жоқпыз. Қырғыздар бізге су бермей қояды деген мәлімет бізде жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ, министр осы айдың 20-сы күні Тараз қаласында Шу және Талас өзендерінің бойындағы су шаруашылығы нысандары бойынша мәжіліс өткенін еске салды.

«Біздің мамандар қырғыз әріптестерімен кездесті. Нақты келісімдер бар. Сондықтан біз қырғыз тарапынан тиесілі суды алмай қалуымыз мүмкін деген тәуекел жоқ», - деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет тырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев орнын отандық өніммен ауыстыруды қажет ететін импорттық тауралардың 3 санатын анықтады.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер