Әдеп жөніндегі комиссияның құзыры кеңейді

2985
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп жөніндегі комиссияларға бірқатар өкілеттіліктер берілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында айтты.

«Әдеп жөніндегі комиссиясына жекелеген саяси қызметшілер облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының, аудан әкімдері және «А» корпусына жататын қызметшілердің жауапкершілігін қарау өкілеттіктері берілді», деді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызмет саласында жасалып жатқан ауқымды реформа туралы да баяндады.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытылы, сапалы, кедергісіз орындалуы қажет. Мемлекеттік қызмет бюрократияға жол бермейтін, халықтың қажетіне бағдарланған сервистік сипатта ұйымдастырылған кезде қалыптасқан олқылықтар еңсеріліп, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық. Жасалып жатқан реформалардың барлығы да ел игілігіне бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың да басты мақсаты – «халық үніне құлақ асатын» мемлекеттік аппарат қалыптастыру», – деді Д. Жазықбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер