Су тасқыны, сел, дауыл: Өзбекстанда апат

3642
Adyrna.kz Telegram
Фото: Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі

Өзбекстанның Джизах облысында 100-ден астам адам эвакуацияланды, 260 үй су астында қалды, оның 53-і толығымен қирады. Нөсер жауын салдарынан болған сел бес адамның өмірін қиды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан тағы алты адам әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Табиғи апат салдарынан Джизах облысында 100-ден астам адам эвакуацияланып, 260 үйді су басып, оның 53-і толығымен қираған.

Сондай-ақ, Самарқанд облысында үйлер мен көшелерді шамалы су басу, Қашқадария және Науаи облыстарында су тасқыны тіркелді.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы 10-15 жылда тұрақты жылыну үрдісі (орташа температураның жылына 1,5%-ға артуы) жауын-шашынның ұлғаюына, яғни су тасқыны санының артуына және сел белсенділігінің артуына әкеледі.

Айта кетейік, 2021 жылдың шілде айында Қырғызстанмен шекаралас Өзбекстанның шығысындағы Наманган облысында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, 8 адам қаза тауып, алтауы зардап шеккен болатын.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер