Алматы облысында тау болып үйілген жануарлардың өлексесі табылды

2577
Adyrna.kz Telegram

Белсенділер мен депутаттар Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылында орналасқан балық ұнын өндіретін зауыт аумағынан үйілген жануарлар қалдығын тапты деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

Белсенділер мұның қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін қауіпті екенін айтады. Тексеріс кезінде зауыттан өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Кәсіпорында жуып-шаятын қазандық жұмыс істеп тұрған, алайда ол арнайы септикпен қамтамасыз етілмеген әрі рұқсаты да болмаған.

Цех жұмысшылары кәсіпорын аумағында қорғаныш костюмі, қолғап және бетперде кимеген. Мәселені Талғар аудандық әкімдігінің қызметкерлері өз бақылауына алды.

"Заң бұзушылықты жою үшін бір апта мерзім берілді. Келесі аптада Алматы облысы Экология департаментінің қызметкерлері зауытта сараптама жүргізеді. Кәсіпорынға айыппұл салынады, қазір Талғар аудандық ветеринарлық станциясына біздің тарапымыздан хат жіберіледі", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

“Адырна” ұлттық порталының Telegram арнасынан видеоны көре аласыз.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер