Ольги Ким: Қазақтар өз ана тілін білмейді

2875
Adyrna.kz Telegram

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ольга Тим қазақ балаларының бүгінгі жай-күйі мен болашағына алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазақ тілі әуелі қазақтарға керек. Көп қазақ осыны түсінбей жүр.

«Қазіргі таңда елімізде қазақ тілін менгеру өте қиын болып тұр. Себебі қазақтар өзі ана тілін білмейді. Көп қазақ осыны түсінбей жүр. Біз мектепте балаларға қазақ тілін үйретсек те, олар үйінде ата-анасымен орыс тілінде сөйлеседі.

Сондықтан оқушылардың қазақ тілін жетік меңгеріп кетуі өте қиын. Мен балалардың болашағына алаңдаймын. Олар өсіп, ата-ана болғанда балаларына ана тілін қалай үйретеді?» – дейді ұстаз белгілі блогер Айсұлтан Жақыпқа берген сұхбатында.

Ұстаздың айтуынша, мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың борышы.

Айта кетейік, Ольга Тим қазақ балаларының ортасында өскен. Мемлекеттік тілді жетік біледі. Қазіргі таңда Қ. И. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді. 

Пікірлер