Прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

1326
Алматыда 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағын ауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша басты сот процесі жалғасуда. Тараптар әлі айтысып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыссөзде прокурор айыпталушы Игорь Дужновқа ең жоғары жазаны сұрады.

Дужновтың өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оның мүлкін тәркілемей ең жоғары жаза тағайындау қажет деп есептеймін, - деді Прокурор.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов басқаларға оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы. «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» жасау бабтары бойынша тергеу жүргізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket