Қазақстан ішімдікке тәуелді елдер қатарында 11-орында тұр

3430
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөздерден алынды
Фото: ашық дереккөздерден алынды

Қазақстан ерлер арасында ішімдікті жиі пайдаланатын 182 елдің ішінде 11-ші орын, ал әйелдер арасында 19-шы орынды иеленді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақстанда ерлер арасында алкогольге тәуелділік деңгейі 9,52%, әйелдер арасында - 1,48% құрады.

Ерлер арасында алкоголь ішу бойынша алғашқы үштікке Ресей, Венгрия және Литва мемлекеттері енсе, әйелдер арасында Австралия, Ресей және Колумбия елдері кірді.

Energyprom сарапшылары анықтағандай, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда алкоголь өнімдері сегментінде арақ өндірісі бірден 60,3%-ға яғни 5,7 млн литрге дейін өскен. Плюс және Бренди өндірісі 6,3%, яғни 1,8 миллион литрге дейін, шарап өндірісі жылына 3,5%-ға 2,7 млн литрге дейін, сыра 2,5%-ға 91,1 млн литрге дейін қысқарған.

Коньяк пен жүзім шарабы өндірісінің ең үлкен көлемі Алматы облысында, арақ – Ақмола облысында, сыра – Алматы  қаласында көп өндіріледі екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер