АҚШ Зеленскийдің суреті бар коллекциялық монеталарды сатылымға шығарды

3614
Adyrna.kz Telegram
Фото: whitehousegiftshop.com
Фото: whitehousegiftshop.com

Ақ үйдің кәдесый дүкені Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреті бар коллекциялық монеталарды сатылымға шығарды, деп хабарлады АҚШ әкімшілігі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Монетаның құны - 100 доллар.  Сипаттамада бұл "Америка президенттігінің тарихи сәттері монеталар жинағы" сериясында ұсынылған 32-ші монета. Онда Зеленскийдің 7 наурызда АҚШ Конгресіне видеобайланыс арқылы шыққан кездегі суреті бейнеленген.

"Бұл әлемдегі ең ірі әскери және қаржылық державаға тастаған ерекше виртуалды үндеу болды. Зеленский Америка тарихындағы оқиғаларға сілтеме жасай отырып, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болғае Перл-Харборға жасалған шабуылды және терроризмге қарсы соғыстың бастауындағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы жағдайды еске алды»,-  деп жазды Ақ үй баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мәлімдемеде атап көрсетілгендей, бұл монеталарды сатудан түскен пайданың 100% - ы Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін америкалық Қызыл Крестке аударылады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер