«Тазалаудың» жаңа деңгейі: Ресей басқыншылары жерленген адамдардың мәйітін қазып алуда

4059
Adyrna.kz Telegram

Донецк облысының Мариуполь қаласында ресейлік басқыншылар өлген адамдардың денесін қазып алуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Мариуполь қалалық кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Басқыншылардан "тазалаудың" жаңа деңгейі. Қаладағы мариупольдықтардың айтуынша, орыс әскерлері бұрын тұрғын үйлердің аулаларында көмілген мәйіттерді эксгумациялау процесін бастады. Оның үстіне басқыншылар олардан қаза тапқан адамдарды жерлеуге тыйым салуда. Әр аулаға күзетші тағайындалды, бұл мариупольдіктерге қайтыс болған туыстарының немесе жақындарының денесін беруге мүмкіндік бермейді. Эксгумация неліктен жүргізіліп жатқаны және мәйіттердің қайда жөнелтілетіні белгісіз», - делінген хабарламада.

Қалалық әкімдік осылайша жау өз қылмысының айғағын жасыруға тырысады деп есептейді.

«Украина барлауының Мариупольдегі 13 жылжымалы крематорийлерді тіркегенін ескере отырып, Ресей оккупациясының әскерлері біздің қаладағы өздерінің әскери қылмыстарының ізін барлық әдістермен жасыруға тырысады деп болжауға болады. Қазірдің өзінде Мариупольде орыс әскерінің көптеген қылмыстары тіркелді. Әрбір қылмыскер жазасын алады!» – деп атап өтті қалалық мәслихатта.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер