ForteBank-тың Астанадағы бас кеңсесінде алғаш рет ForteDay шарасы ұйымдастырылды. Жиында банк қызметіндегі замануи технологиялық жаңалықтары таныстырылды. Мәселен, қаржы ұйымынан пайызсыз несие алып, банкоматынан картасыз ақша аударымын жасай аласыз. Сондай-ақ, аталған банктің мобильдік қосымшасы арқылы бірнеше банктік шотыңызды басқарауға да болады, деп хабарлайды Елорда инфо.
Басқосу барысында ForteBank жаңа қызмет түрлері мен өнімдерін таныстырды. Таныстырылым банктің Youtube, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында онлайн трансляция арқылы көрсетілді. ForteDay шарасында 2017 жылғы банк қорытындылары мен статистикасы, банктің алғашқы үш жылдағы өсім көрсеткіштері, банк қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар туралы айтылды. ForteDay “Sa’lem jiberemiz” тақырыбында өтті.
Врачи Акмолинской области: «неизвестная болезнь» у детей в городе Есиле вызвана обычной энтеровирусной инфекцией
Акимат области Жетісу подписал меморандум о взаимном сотрудничестве с медицинским центром Управления делами Президента
жалдау сияқты сервис түрлерін тиімді тәсілмен пайдалануға көмектеседі. Аталған қызмет түрі ұзақ уақыт алмайды және әрбір жасалған қызмет үшін банк 4 пайызға дейін кэшбек қайтаруға дайын.
Телефон нөмірі арқылы аударым жасап, картасыз ақша алуға болады
Сізде бірнеше банк картасы бар. Оларды онлайн басқару үшін жеке-жеке мобильді бағдарламасын жазып алу керек. Ал ForteBank-тің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше банк картасын қатар басқаруға болады.
ForteBank-тің қоысмшасы былтыр “Үздік мобильді қосымша” атанды. Интернет банкинг пен мобильді қосымшаның басқа банк қосымшаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, ForteBank мобильді қосымшасын тек ForteBank картасының тұтынушылары ғана емес, Қазақстанның басқа да банктерінің тұтынушылары тегін қолдана алады. Бұл мәселеге келгенде ForteBank ашық банк қызметін қолданады. Сіз бір мобильді қосымша арқылы бірнеше банк картасын тіркеп, қажетті қызметтерді оңай әрі тиімді пайдалана аласыз.
Жақыныңызға немесе танысыңызға шұғыл түрде ақша аудару керек. Алайда, сіздің де, оның да қолында банк картасы мен номері жоқ. Мұндай тығырықтан қалай шығуға болады? ForteBank-тің FortePay деп аталатын жаңа қызмет түрі бұл мәселенің де оңай шешімін ұсынады.
FortePay қызметі арқылы қаражат аударғыңыз келетін тұлғаның телефон номері арқылы ғана, басқа қосымша ақпаратсыз-ақ ақша аударымын жасай аласыз. Аударылған қаражатты тұтынушы өзінің қалаған картасына немесе шотына аударып ала алады.
Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға беріп қойсаңыз, банкомат картаңызды жұтып қойса, алайда шұғыл түрде ақша алу керек болса не істеу керек? Тіпті, картаңызды қайда қойғаныңызды ұмытып қалған жағдайлар да кездеседі. Мұндайда ForteBank-тің кез келген банкоматында қолжетімді Cash by code функциясын қолдануға болады.
Қолыңызда картаңыз болмаған күннің өзінде қазақстандықтар банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы банкоматтан ақша шешіп ала алады. Ол үшін картасыз ақша алу қызметі сізге арнайы СМС-код жібереді. Сол кодтың көмегімен ForteBank-тің кез келген банкоматынан банк картасындағы қаражатыңызды шешіп ала аласыз.
Новости по теме


ForteDay жаңа өнім, жаңа қызмет, жаңа мүмкіндікке жол ашты. Жалпы, қазіргі таңда ForteBank-тің мобильді қосымшасында 350-ден астам қызмет түрі қолжетімді. Мұнда ай сайын 1769751 транзакция жасалады. Банк қызметкерлері тұтынушылардың қауіпсіздігі мен ақпартқа қолжетімділігін қамтамысз ету мақсатында түрлі қызметтер мен өнімдер жасап жатыр. Жақында ғана өткен ForteDay таныстырылым шарасы көпшілікке беймәлім қызмет түрлері туралы толық ақпарат берді. Банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили биыл алғаш рет өтіп отырған ForteDay шарасын жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырғандарын және бұл шарада жаңа қызметтер мен өнімдерді таныстыруды дәстүрге айналдыратындарын айтты.
_____________________________________________________________________________________________________________________Тельман Бейсенов