Елеусіновтың ендігі қарсыласы кім болады?

2806
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/05/Boks.png
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 6 маусымда Лондонда өтетін болды. «Менің келесі жекпе-жегім Лондон қаласында 6 маусымда Йорк Холда өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады», - деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында. Еске сала кетсек, 29 сәуірде Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Оның америкалық боксшы Ноа Киддпен жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жеңісін тойлаған еді. Аталған кездесуден кейін Елеусінов кәсіби боксшылардың әлемдік рейтингіне кірді. ____________________________________________________________________________________________________________

inform.kz

 
Комментарии