Ресей мен Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот аштырып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі түсініктеме берді деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Олардың арасында 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы есебінен және 1 215 шот қашықтан ашылған.
Қазір ҚР банктерінде шоты бар азаматтардың саны – 162 мыңға, ал Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жеткен.
Бұған қоса, агенттік Ресей азаматтары ашқан жаңа шоттардың саны өскенін айтты.
”Адырна” ұлттық порталы