Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

2587
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ал Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірген. 1999 жылы – СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы референт лауазымынан бастаған. Қазақстанның Пәкістандағы, Австриядағы елшіліктерінде, Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. Онда БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші комитетінің жұмысын жүргізді.

Сыртқы істер министірлігінің Алматыдағы өкілінің кеңесшісі болған. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етті. Орталық аппаратта көпжақты ынтымақтастық департаментін басқарды.

Ақан Рахметуллин 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған.

І санатты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер