Мәжіліс отырысында білім саласындағы былықты жайып салған депутат залдан шығып кетті

1094

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова білім саласындағы қордаланып қалған мәселелерді көтерді.

Сосын депутат қызуқандылыққа салынып, отырыстың соңын күтпей, Мәжілістен кетіп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Мектепте болып жатқан жағдай өте маңызды. Егер мектептегі білім сапасыз болса, мемлекеттің болашағы жоқ. Бұл туралы айтудан шаршамаймын. Бұрынғы министр Аслан Сәрінжіповтың кезіндегі оқу бағдарламасына біз қарсы шықтық. Осы жерде сол адамдар отыр,

— деді Ирина Смирнова.

Ол Аслан Сәрінжіпов министр болып тұрғанда "Қазақстан географиясы" мектеп бағдарламасынан алып тастағысы келгенін айтты. Бұл пән қоғамдағы резонанстан кейін қалдырылған болатын.

Қазір оқу бағдарламасында жаңартулар болып жатыр. Ал шын мәнісінде не болып жатқанын бәріміз білеміз. Кітаптарда қате көп. Өзара байланыс та жоқ. Балаларына білім беріп жатқан ата-аналарға алғыс айтамыз,

— дейді депутат.

Ол қазіргі оқушылар "стахановшылар" сияқты мектептен кейін репетиторлардан, шетелдік интернет-мектептерден дәріс алатынын айтты. Өйткені жақсы білім алу үшін бәрі қосымша сабақтарға баруға мәжбүр.

Барлық жерде қосымша оқиды. Интернет арқылы шет елден білім алады. Ал білім саласына бөлініп жатқан қаржы балалардың, халықтың мүддесіне жұмсалмай отыр. Себебі онда проблема шаш етектен,

— дейді Ирина Смирнова.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket