"Қанішерлер, тонаушылар, бас кесерлер" - Бучадағы орыстардың жауыздығына әлем реакциясы

6503
Adyrna.kz Telegram

3 наурыз күні Украина президенті Владимир Зеленский орыс басқыншыларынан азат етілген Буча қаласының жаңа суреттерін жариялап, Ресейді геноцид жасады деп айыптады. Әлем елдері де агрессор елдің жауыздығына үнсіздік танытпай, әр түрлі реакция білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"ҚАНІШЕРЛЕР, ТОНАУШЫЛАР, БАСКЕСЕРЛЕР"

 

Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ, Украина президенті:

Зеленский орыс аналарына үндеу тастады:

- Сіздер қандай оңбағандарды өсіргендеріңізді қараңыздар! Қанішерлер, тонаушылар, баскесерлер», - деп жазды президент.

 

Борис ДЖОНСОН, Ұлыбритания премьер-министрі: 

 

"ПУТИНДІ ҚАҢСЫРАТПАЙЫНША, ТЫНЫШТАЛМАЙМЫЗ!"

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ресейлік әскерилердің Буча мен Ирпеннің бейбіт тұрғындарына жасаған сұмдық шабуылдарын айыптады.

«Ресейдің Ирпин мен Бучадағы бейбіт тұрғындарға жасаған сұмдық шабуылдары Путин мен оның армиясының Украинада әскери қылмыс жасап жатқанының тағы бір дәлелі.

Кремльдің барлық айыптарды теріске шығаруы, жалған ақпараты бәріміз білетін шындықты жасыра алмайды: Путин шарасыз күйде отыр, оның шапқыншылығы әтсіздікке ұшырады және Украинаның шешімі ешқашан мұндац күшті болған емес », - деді Джонсон.

Шенеунік Путиннің әскери машинасын қансыратып, Украинаға жасалған қиянаттарды тексеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.

 

"ЖАУЫЗДАР ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАРДЫ ЗОРЛАП ЖАТЫР" -  ЕЛШІ

 

Мелинда СИММОНС, Ұлыбританияның Украинадағы елшісі:

Ұлыбританияның Украинадағы елшісі Мелинда Симмонс уақытша басып алынған аумақтарда ресейлік жауыздардың украиндық әйелдер мен қыздарды зорлау фактілеріне қатысты қатаң пікір білдірді.

«Зорлау - соғыс қаруы. Біз бұл қарудың Украинада қаншалықты қолданылғанын әлі білмесек те, оның ресейлік арсеналдың бір бөлігі болғаны қазірдің өзінде анық байқалады. Әйелдерді балаларының көзінше, қыздарды отбасының көзінше зорлап, қасақана құлдыққа түсіруде. Зорлау - соғыс қылмысы», - деп жазды Симмонс твиттерде.

 

"БІЗ ПУТИНГЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТУДІ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ" - АҚШ

 

Нед ПРАЙС, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс АҚШ-тың жақын арада Ресейге қатысты қосымша шара қолданатынын айтты.

«Біз әрқашан президент Путинге, Кремльге, оның айналасындағылардың барлығына, соның ішінде Кремль шиеленісуін тоқтатып, зорлық-зомбылық азайып, мұндай қиянат тоқтамайынша Украинаға қарсы соғысты күшейтіп жатқан олигархтар мен қолшоқпарларға қысым көрсетуді жалғастырамыз деп айтып келдік. Сондықтан сіз жақында қосымша қысым көресіз деп күдіктенемін", — деді ол MSNBC эфирінде.

 

"БІЗ МҰНДАЙ ҚАТІГЕЗДІКТІ ОНДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ КӨРМЕДІК" - НАТО

 

Йенс СТОЛТЕНБЕРГ, НАТО-ның Бас хатшысы:

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг CNN арнасына берген сұхбатында Бучадағы бейбіт тұрғындардың өлімін тіпті «қабылдауға келмейді" деп атады.

Біз Еуропада бейбіт тұрғындарға мұндай қатыгездікті ондаған жылдар бойы көрмедік. Бұл соғысты тоқтатудың маңыздылығын көрсетеді», - деді ол.

 

" БІЗ РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯЛАРДЫ КҮШЕЙТЕМІЗ" - ГЕРМАНИЯ

 

Анна лена БЕРБОК, Германияның Сыртқы істер министрі: 

Германияның Сыртқы істер министрі Анна лена Бербок Украинадағы фашистердің адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін қатаң айыптады.

"Бучадағы фотолар адам төзгісіз. Путиннің шексіз зорлық-зомбылығы жазықсыз отбасыларды бұзады және оның шекарасы жоқ. Осы әскери қылмыстарға кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Біз Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаны қорғаныста одан әрі қолдаймыз"., деп жазды ол Twitter-де.

 

"АДАМ ТӨЗГІСІЗ СУРЕТТЕР" - ФРАНЦИЯ 

 

Эммануэль МАКРОН, Франция президенті:

"Киев маңындағы азат етілген қала Бучиден бізге жеткен суреттер адам төзгісіз. Көшеде жүздеген бейбіт тұрғындар қаза тапты. Зардап шеккендердің барлығына қайғырып көңіл айтамын, украиндықтарға ынтымақ тілеймін. Ресей билігі бұл қылмыстар үшін жауап беруге мәжбүр болады", - деп жазды Франция президенті Эммануэль Макрон Twitter-де.

 

"БЕЙБІТ ХАЛЫҚТЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ӨЛТІРУ" — ЧЕХИЯ

 

Чехия Сыртқы істер министрлігі: 

Чехия Сыртқы істер министрлігі ресейліктер Украинаның бейбіт тұрғындарын жүйелі түрде қырып жатқанын, ол үшін әрбір кінәлі жауапқа тартылуы керек екенін атап өтті.

- Қашып бара жатқан орыс әскері жасаған бейбіт халықты жүйелі түрде өлтіру - Путиннің режимі жасаған тағы бір жиіркенішті әскери қылмыс. Чехия одақтастарымен бірге әділеттілікке ұмтылады, өйткені кінәлілер жауапқа тартылуы керек", — деп жазады Чехия СІМ Twitter-де.

 

"ЖАН ТҮРШІГЕРЛІК ЖӘНЕ АДАМ ТӨЗГІСІЗ ҚАЙҒЫЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІЛІК" - НИДЕРЛАНДЫ

 

Вопке ХУКСТРА, Нидерланд Сыртқы істер министрі: 

Нидерланд Сыртқы істер министрі Вопке Хукстра Буча мен Украинаның басқа қалаларында адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі ресейлік басқыншыларды жауапқа тартуға шақырды.

"Бучада жазықсыз украин азаматтардың өлтірілуі жан түршігерлік және адам төзгісіз қайғылы. Әскери қылмыс жасаған кінәлілер жауапқа тартылады», - деді Хукстра.

Нидерланд мемлекеті дәлелдемелерді жинауға, сондай-ақ Ресей Федерациясының жауыздығын тергеуге жан-жақты үлес қосуға ниеттеніп отыр. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер