Павлодарда отыз үй су астында қалды

3697
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында Рождественка ауылында қардың еріген суы 30 үйді басқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Су ауылдағы бес үйдің ішіне кіріп кеткен.

"31 наурызда сағат 17.47-де ТЖД әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі барысында Павлодар облысы, Рождественка ауылында, Абай көшесі, 67-үйге су кіргенін анықтады", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлары хабарлады.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдарымен суды сору жұмыстары жүргізілуде. Сағат 19.30-да Павлодар қаласының гарнизон жиыны жарияланып, бес адамнан тұратын облыстық ТЖД күштері мен құралдары тобы және техника су тасқыны болған жерге жіберілді. Бір сағаттан кейін ол жерге үш адамнан тұратын жедел-құтқару жасағы техникамен және резеңке қайықпен аттанды. Қазіргі уақытта еріген суды сору жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайлар департаментінде жағдайды қардың күрт еруінен туындаған су тасқыны деп мәлімдеді.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер