ҚР Үкіметі білім беру жүйесін қазіргі жағдайға бейімдеп, қайта қалыптастыру мәселелерін қарауды тапсырды

3383
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Үкіметі Telegram-парақшасынан
Фото: Қазақстан Үкіметі Telegram-парақшасынан

​​31 наурызда Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен білім беру жүйесін қайта форматтау және экономиканың қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Қазақстан Үкіметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» әзірленіп, ол 2020 жылы бекітілді.

Құжат 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген және еңбек нарығы мен кәсіби стандарттарды болжауға негіз болып табылады. Атлас 9 басым бағыт бойынша жүзеге асырылады.

“Қазақстанда кадрларға қажеттілікті болжау әлі де жеткілікті дамымаған, қазіргі білім беру бағдарламалары еңбек нарығы талаптарының өзгеруін және қажеттілік бойынша болжамдарды толық көлемде көрсете алмайды”, - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, Әлихан Смайылов хаттамаға бірқатар нақты тапсырма енгізуді және ҚР Үкіметі отырысында білім беру жүйесін қазіргі жағдайға бейімдеп, қайта қалыптастыру мәселелерін қарауды тапсырды.

Адырна” ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер