«Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

2374
Adyrna.kz Telegram
Фото: arnapress.kz
Фото: arnapress.kz

 

Қаржы мониторингі агенттігі «Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

AFM мәліметінше, 2012-2017 жылдар аралығында Нұрлан Тілеубаевтың (Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне енген) анық қайтарылмайтын несиелер беру арқылы Банк қаражатын тартып алғаны анықталды.

«Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының 5 қант зауытында, 20-дан астам жер телімінде, 70 жылжымайтын мүлік объектісінде және 40 көлікте құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкі тәркіленді», - делінген министрліктің хабарламасында.

Соның ішінде БАӘ, Ресей, Латвия және Чехияда орналасқан активтері қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиард теңгеден астам, 200 миллион АҚШ доллары және 4 миллион еуроны құрады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс бойынша айыпталушылар қамауда отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер