Орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы сайланды

1865
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Қазақстандағы Орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы сайланды. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Нұрлан Әбдіров ОСК отырысын өткізді. Онда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 11-бабы 2-тармағына сәйкес Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды”, – делінген хабарламада.

Мұхтар Ерман 30 наурызда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалған еді. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған Анастасия Щегорцова ОСК мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.

Пікірлер