Шымкент спортшыларынан 135 алтын жүлде

598

 Шымкент қаласының спортшылары 2022 жылы І тоқсанда өткен халықаралық, республикалық спорттық іс-шараларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. ҚР чемпионаты, Азия және әлем чемпионаты, әлем кубоктарында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді.

Атап айтқанда, ҚР чемпионатында 135 алтын, 125 күміс, 123 қола жүлде жеңіп алды. Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, Азия чемпионатында 11 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.

Жыл басынан бері 2 ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 12 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 ҚР спорт шебері және 59 спорт шеберіне үміткер спортшылар даярланды.

Қала спортшылары көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионатында 5 алтын, садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы ҚР чемпионатында 10 алтын, әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 11 алтын, комбат джиу-джитсудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 10 алтын жүлдені қоржынға салды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде шаһарда көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионаты, шорт-тректен, әмбебап жекпе-жектен, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен, комбат джиу-джитсудан, пауэрлифтингтен жастар мен жасөспірімдер, ересектер арасында ел чемпионаттары ұйымдастырылды.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket