"Соғыс Ресейді күйретті": Халықаралық валюта қоры агрессор елдің қашан құлдырайтынын айтты

7688
Adyrna.kz Telegram

Путиннің Украинаға қарсы соғысы Ресейдің тас-талқанын шығарды. Қазірдің өзінде 2022 жылы агрессор ел терең рецессияға тап болады: өндірістің құлдырауы, өмір сүру деңгейінің нашарлауы және экономиканың баяулауы. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Украинадағы әскери әрекеттер бұл елді күйретіп жатыр... және оларға айтарлықтай зиянын тигізуде. Ресей биыл терең рецессияда ұшырайды", - деді Георгиева Дубайдағы Дүниежүзілік үкімет саммитінде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, Ресейдің Украинаға жасаған шабуылына байланысты агрессор елдің 300-ден астам компаниясы мен 900 азаматы АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жапония және ЕО тарапынан санкцияға ұшырады. Шектеулердің ең «танымал» түрі жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да активтерін бұғаттады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер