Жезқазғанда жаппай төбелес орын алды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Жас жігіттердің төбелесі 25 наурыз күні болғанымен, оқиғаның мән-жайы бүгін ғана белгілі болды. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы тарап кетті. Жазбаға қарағанда, төбелеске шамамен жеті жігіт қатысқан.
Бейнежазба құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Полицейлер бұл жанжалдың 25 наурызда Жезқазған қаласында болғанын анықтады. Жезқазған полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті ретінде 17-18 жас аралығындағы төрт жас жігітті ұстады", - деп хабарлайды Қарағанды қаласы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ министрлік бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адырна" ұлттық порталы