Ауыл әкімі қошқарды бір минутта 50 рет көтеріп елді тәнті етті (ВИДЕО)

3778
Adyrna.kz Telegram

Наурыз мейрамында Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаев 40 келі қошқарды минутына 50 рет көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы talgarnewskz инста-парақшасы жариялады. 

Талдыбұлақ ауылының жігіттері ауыл тұрғындарына арнап Наурыз тойын ұйымастырды.

Мерекелік шараға мыңнан астам адам жиналды. Мың литрдей Наурыз көже дайындалып, тегін таратылды.

Наурыз мейрамында ауыл тұрғындары бір-бір қошқарды иығына көтеріп, бір мезгілде бірнеше рет отырып-тұрып жарысқа түсті. Одан өзге қол күрес, қой көтеру сияқты түрлі жарыстар ұйымдастырды.

Тіпті 34 жастағы ауылдық округтің әкімін ақ көйлек пен костюм кигені де тоқтатпады.

Әкімнің осындай әрекетінен кейін шабандоздар республикалық қой көтеру жарысына бұрынғыдан да белсене қатыса бастады, деп хабарлайды Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 34 жастағы Нұрбол Досымбаев жалпыхалықтық дауыс беру арқылы әкім болып сайланды.

Ол мереке өткен Талдыбұлақ ауылында туып-өскен.

Пікірлер