Зиона Чанның 39 әйелі бар

2312
Adyrna.kz Telegram

Қазір əлемдегі ең үлкен отбасына Үндістанда тұратын Зиона Чанның жанұясы жатады. Зиона Чанның ресми түрде 39 - əйелі бар. Ол əйелдерден өзінің 93 - баласы мен бүгінде 38 - немере сүйіп отыр. Зиона Чанның жасы қазір 73- тен асты.

Зиона Чан отбасының тағы бір ерекшелігі ол өзінің 39 əйелімен 4- қабатты, 22 - бөлмеден тұратын бір үйде тұратындығында. Бұл əлемдегі қазіргі таңдағы ең үлкен отбасы. Чанның жанұясы кешкі асқа бір отырғанда 30 - тауық пен 60 - келі картоп жұмсайды екен. Ал, түскі асқа 50 - келілік күрішті бірден басады.

Жалпы, ортағасырларда көп əйел алу дəстүрі Үндістанда жиі орын алған. Алайда, XXI - ғасырда да мұндай жағдайдың болғаны көпті таң қалдырады. Дегенмен де, бұл елде қазір де қыздарды ерте тұрмысқа беру ғұрыпы сақталған.

Мəселен: Үндістанда 18 - жасқа толған қыздардың басым көпшілігі тұрмыста болады. Бұрын жағдай мүлдем бөлек етін. Өткен ғасырдың басында Үндістанда қыздарды 13 жасынан бастап күйеуге беру дəстүрі қатаң сақталып келді.

Үндістан қазір дүние жүзінде халық саны жөнінен екінші орын алады. Өткен жылы Үндістан тұрғындарының саны 1 - млрд. 340 - млн. адамнан асқан болатын. Алайда, бұл ел халқының 35% кедейшілік жағдайында өмір сүріп келеді. Үндістан əлі күнге бай адамдар ресми түрде құлдар ұстайтын Азиядағы жалғыз мемлекет болып отыр.

Үндістанда қазір халықтың көпшілігі күндігіне 2-3 долларға ғана өмір сүреді. Алайда, XVII - ғасырға дейін Үндістан əлемдегі ең бай мемлекеттің бірі болған. Бірақ, XVII - ғасырдың басында бұл елді Ағылшындар жаулап алып, содан бері сіңірі шыққан кедейлер көбейген. Демек, Үндістан үшін Британ империясының колониясы болудың еш пайдасы болған жоқ.

Дегенмен, елдегі миллиондаған кедейлерге қарамастан мұнда өте бай азаматтар да жетерлік. Мəселен: Үндістан əлемдегі алтынды ең көп сатып алатын мемлекет. Сонымен қатар, Үндістердің үйлену тойына 2000 - нан астам адам шақыртылады екен. Демек, той жасау жөнінен бұлар қазақтардан да мықты болып тұр...

________________________________________________________________________________________________________________

Айбол Қарашев

facebook.com

Пікірлер