Қазақстан мен СБЕР арасындағы келісімге қол қойылмайды - Цифрлік даму министрлігі

9004
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі vlast.kz-тің сауалына жауап бере отырып, Ресейлік СБЕР-мен Қазақстанның цифрлық трансформациясы туралы келісімге қол қою мәселесі бұдан былай цифрлық даму министрлігінің күн тәртібінде жоқ екенін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгінгі күні келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты министрлік бірнеше сценарийлерді әзірлеуді қарастырып жатыр және олардың әрқайсысына дайындалуда» - делінген министрліктің жауабында.

Бұл ретте ол қандай сценарийлерді қарастыратынын және цифрлық трансформацияда Қазақстанның серіктесі кім бола алатынын нақтыламады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан үкіметі екі ел президенттерінің қатысуымен ресейлік СБЕР тобымен цифрлық үкімет платформасын құру бойынша жұмыс туралы меморандумға қол қойған болатын. Көптеген қазақстандық мамандар мен қолданушылар дайындығы хабарланбаған меморандумға қол қойғаннан кейін оны сынға алып, қазақстандықтар деректерінің қауіпсіздігіне күмән келтіріп, цифрлық платформа құру бойынша серіктесті таңдағанына таңғалды.

Көп ұзамай цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин серіктес ретінде СБЕР-ді таңдауын компанияның бастапқы кодтарды беруге келіскендігімен түсіндірді. Сондай-ақ, деректер базалары Қазақстан аумағында орналасатынын және ресейлік мамандардың оларға қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді. Платформаны құру бойынша жұмыс бірнеше жылға созылады. Жұмысты бастау туралы келісімге 2022 жылдың басында қол қойылады деп болжанған. Ақпан айында Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Сбербанкке санкциялар енгізіліп, банк Еуропадағы жұмысын тоқтатқан. Бірақ бірнеше елде, соның ішінде Қазақстанда жұмысын жалғастыруда. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер