Қарағандыда ҚТЖ қаражатын жымқырған ЖШС директоры 6 жылға сотталды

4123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/scale_1200-5.jpg
Қарағанды қаласында «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтық жасау фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
- ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2015-2019 жж. Қарағанды магистральдық желі филиалы станцияларындағы қоршау жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалпы сомасы 57 млн астам теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Жүргізілген тергеу амалдарының арқасында шығынның бюджетке толық көлемде өтелуі қамтамасыз етілді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии