Қарағанды облысында балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)

3506
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысының Абай қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Абай қаласындағы «Әдемі» балабақшасында келеңсіз оқиға орын алды. Видеоға тәрбиешінің топтағы балаларды желкесінен ұрып жатқан сәті түсіп қалды. Балалардың ата-аналары болған оқиғаны жария етуді ұйғарды. Тәрбиешінің ұлттық костюм кигеніне қарағанда, оқиға Наурыз мейрамын тойлау кезінде орын алған», - делінген хабарда.

Абай ауданының білім бөлімі тексеріс басталғанын хабарлады.

"Әдемі" балабақшасы жеке меншік мектепке дейінгі мекеме және Абай ауданының білім бөліміне бағынышты емес. Жеке меншік бақша 2021 жылдың ақпан айында ашылды, 550 орынға есептелген. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, қарау қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады", - деп мәлімдеді білім бөлімі.

Видеоға полиция да назар аударды.

"Жариялау фактісі бойынша қазіргі уақытта жәбірленушілерді және болған оқиғаның мән - жайларын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер