Балқаш тұрғындары қаланы Ұлытау облысына қоспауды сұрап отыр

1124

Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғындары жаңадан құрылатын Ұлытау облысына қосылуға қарсы. Олар тиісті петицияны egov.press сайтында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бес күн ішінде петицияға 10 мыңнан астам адам қол қойды. 9359 адам қосылуға қарсы болса, 667 адам қолдады.

"Біз Балқаштың Қарағанды облысында қалуын сұраймыз. Өйткені, Жезқазған тым алыс. Қала Қарағанды облысына қосылғаннан кейін дами бастады", - делінген петицияда.

Балқаштықтар «Егер қаламыз орталығы Жезқазған деп бекітілген жаңа облысқа жатқызылса, мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде ауруханаларға бару үшін ұзақ жол жүруге тура келеді» деп алаңдаулы. 1997 жылдың мамыр айына дейін Балқаш Жезқазған облысына қарады.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Тоқаев 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда жаңа үш облыстың құрылғанын мәлімдеді. Жаңа әкімшілік бірліктерінің шекаралары әлі анықталған жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Басқа материалдар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket