"Шыдам таусылды": Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетіп, елден ұшып кетті

12805
Adyrna.kz Telegram

Ресей Президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс қызметінен кетіп, елден ұшып кетті. Бұл туралы Bloomberg басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Басылымның мәліметінше, шенеунік Ресейдің Украинаға басып кіруіне келіспейтінін білдірген.

Егер отставкаға кеткені расталса, Чубайс Украинадағы соғыс басталғаннан бері отставкаға кеткен Ресейдегі ең жоғары лауазымды шенеунік атанбақ.

Айта кетейік, Чубайс өзінің Facebook парақшасын белсенді түрде жүргізеді, алайда соғыс басталғалы бері 24 ақпанда ол оқырмандардың сұрақтарына жауап беруді тоқтатқан. Олардың көпшілігі оның соғыс туралы пікіріне қызығушылық танытқан еді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер