САБИТ РЫСБАЕВ: Ресей бұл соғысқа ұзақ дайындалған

2173
Adyrna.kz Telegram

Ресей бұл соғысқа ұзақ дайындалған. Қор жинаған. 630 миллиард долларлық. 16% доллармен, 13% юань, еуро және алтын. Соңғы екі жылда әлемдегі алтынды ең көп сатып алған ел Ресей болатын.

Коронавирус кезінде жұрт ел қатарлы ақша таратуды сұрағанда да жарытпаған. Ақшаларың осы чёрный деньге жинаған. Украинамен соғыс жалғасып жатыр. Бәрі өздерінің ойлағанындай болмады. Әлі бірде бір үлкен қаланы алмады. Донецк пен Лугансктің бұрыңғы территорияларын да қайтара алмай жатыр. Келісім шарттар жүруде. Ресей әлден артқа беруде сияқты. Мына заманда ешкім өз өзін өлімге айдамайды. Кеше Мәскеу қаласының соты фейсбук пен инстаграмды экстремистік ұйым деп таныды. Бұлар енді Ресейде жарнама сата алмайды.

Біздің өмірімізге қатыстыларын айтайық. Кеше Мосбиржа ашылғанымен акциялар сатылымға шықпады. Тек мемлекеттік облигацияларды сатты. Соғыс басталғанда Ресейдің сырттағы ақшалары бұғатталды. Бұл табиғи нәрсе. Кез келген ел өздеріне инвесторлар келулері үшін Америка мен батыс елдеріне ақшаларын қояды. Бұл ақша гарант ретінде тұрады. Қандай жағдайда өз елдеріндегі шетелдік инвесторларға арест жасаса. Шетелдік ақшалар бұғатталады.

1998-де әлемде мұнайдың бағасы 3 есе арзандады. Ресейдің бюджетінің қарыздары өсіп рубль 1 жылда 4 есе құнсызданды. Қазір әлем осыны күтуде. Бірақ мұндай жағдай қайталанбауы да мүмкін. Америка 5-інші пакет санкцияларды дайындауда. Бұл жолы бүкіл банктерін Swift-тен ажыратады деп жатыр. Басқа да тауарларына санкция жариялауы мүмкін. Сол кезде рубль 120-ға қайта өсетін шығар. Центр банк қайта пайыздық ставканы көтеру мүмкін. Қазірдің өзінде оларда пайыздық ставка 20%. Бұл деген ипотекалық кредиттер кемінде 25-30%. Мұндай жоғары пайызбен ешкім кредит алғысы келмейді. Құрылыс азаяды. Бұл нәрселер бізге де қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер