Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

1547

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, бақыт, денсаулық және бақ-береке тіледі, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев бізге сонау ықылым заманнан келе жатқан қастерлі мерекелердің бірі – Наурыз – еліміздің достығының, бірлігі мен тұрақтылығының символы екенін атап өтті.

"Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.

Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскені сөзсіз. Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі.

Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді.

Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін" деді Елбасы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket