Петропавлдағы ЖЭО-2 қалпына келтіріліп жатыр - ҚР Энергетика министрлігі

3545
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/mt8a2n-photo-96297.jpeg
2022 жылғы 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2 №1 түтін құбыры жартылай құлағанға дейін 4 қазандық жұмыс істеді, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 
- Технологиялық бұзушылық туындағаннан кейін 2 қазандық қалды, жылу энергиясын берудің төмендеуі нәтижесінде жылу желілеріндегі температура +40°С дейін төмендеді. 2022 жылғы 21 наурызда сағат 9: 30-да 3-ші қазандық іске қосылды, жылу желілерінде температура көтеріле бастады. Түстен кейін 4 қазандықты қосу жоспарлануда, бұл жылу желілерінің температуралық режимін белгіленген мөлшерге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, үйінділерді түтін мұржасының бұзылуынан тазарту, соның ішінде электр станциясының машинистін іздеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ бұзылудың масштабын және қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии