Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды

2347
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады,  деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған  болатын.  Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері,  сондай-ақ  аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде. Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды, - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер