Талдықорғанда мұғалімді балағаттаған оқушының анасына айыппұл салынды

7108
Adyrna.kz Telegram

15 наурызда Талдықорғанда сот отырысы өтіп, биология пәнінің мұғаліміне балағат сөздер айтқан оқушының анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

Барша жұрттың жағасын ұстатқан жағдай 11 наурызда Талдықорғандағы No4 мектепте видеоға түсіп қалған болатын. 9-сынып оқушысы биология сабағында дөрекі сөздер айтып, әйел мұғалімге айғайлады. Осы оқиғадан соң мұғалім полицияға арызданған.

Құқық бұзушының орнына оқушының анасы жауап беруге келген. Заң ата-ананың біреуіне балаға жауапты тұлға ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасына ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлігінің 127-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша 42 мың теңге айыппұл салынды.

Әйел мұғалімнен кешірім сұрап, ұлының ұстамдылық танытпағанына қынжылатынын білдірді.

«Ана ретінде сізді түсінемін, кешіремін, бірақ ұстаз ретінде мен қатты қорландым. Ұстаз мәртебесі аяққа тапталды», - деді мұғалім сотта.

Сыныпта болған жағдайға оқушының анасы тікелей кінәлі болмаса да, оның әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамының объективтік жағы бар, яғни ол баласына дұрыс тәрбие бере алмаған. Оқушының барлық сыныптасының алдында осындай мінез-құлыққа жол бергенін ескерсек, бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар болғанын айтуға болады.

Еске салсақ, оқушы 14 наурызда ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша жазаға тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Баланың жұмыс істемейтінін және табысының жоқ екені ескеріліп, ол айыппұл да анасының мойнына жүктелді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер