Криптовалюта жайында нені білу маңызды?

10699
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөздерден алынды
Фото ашық дереккөздерден алынды

Әлемнің көптеген елдерінде криптовалюталар кәдімгі ақшаға сәтті балама бола алды. Бүгінде блокчейн технологиясының көмегімен құрылған биткоиндерді немесе кез келген басқа криптовалюталарды үйден шықпай-ақ сатып алатын мүмкіндік туды. Ал сандық валюталардың алуан түрлілігін Financer.com платформасы тегін түсіндіруге көмектеседі.

Криптовалюта – бұл сандық немесе виртуалды түрдегі валюта түрі. Криптовалютадағы транзакцияларды қорғау үшін криптография (шифрлау) қолданылады. Банктердің транзакцияларды тексеруге қатысы жоқ. Криптовалюта төлемдері тек нақты транзакцияларды сипаттайтын онлайн-дерекқорда сандық түрде қолжетімді. Бұлардың нарықтағы ақшамен қатысы жоқ; олардың шынайы өмірде айналымы мен алмасу мүмкіндігі жоқ.

Криптовалютаның негізгі артықшылықтары мыналар: анонимділігі, бір орталыққа байланбауы және қауіпсіздігі. Бірақ криптовалюта биржасы секілді сандық валюталармен сауда операцияларын жасайтын онлайн-платформада биткоин сияқты сандық валюталарды сатып алу немесе сатуға мүмкіндік бар. Сандық валютада ақша тапқысы келетіндерге биржа мүмкіндіктер ашады.

«Криптовалюталар мен олардың құнын мемлекет реттемейтініне назар аударыңыз. Сондықтан сіз табысқа да, шығынға да дайын болуыңыз керек. Financer.com сервисінде біз криптовалюталарды саудалайтын алаңдарды салыстырамыз, сондай-ақ дұрыс брокерді таңдауға мүмкіндік береміз», – дейді Financer.com жүйесінің несие және жеке қаржы саласындағы сарапшысы Евгения Николаевская.

Айта кету керек, Financer.com қандай да бір компанияның немесе платформаның мүддесіне жұмыс істемейді. Бұл жер – тиімді комиссиялар, жарналар, инвестициялау мүмкіндіктері және тағы басқа ұсыныстар туралы барлық қажетті ақпараттың тәуелсіз көзі.

Қазақстанда криптовалютаны қалай сатып алуға болады?

1. «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген банкте заңды тұлғаға шот ашу.
2. Криптовалюта сатып алуға қол жеткізу.
3. Шот арқылы криптовалютаны сату және сатып алу.
Криптовалюта таңдау барысында қажет кеңестер:
1. Оның Қазақстан аумағында жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
2. Интерфейсіне назар аударыңыз. Ол түсінікті және ыңғайлы болуы керек. Пайдаланушы сауда алаңының құралдарын түсінбесе, қате жіберуі мүмкін.
3. Пікірлерді оқып, пайдаланушылар санын байқаңыз.
4. Тіркеу шарттарымен танысыңыз.
5. Қаражатты енгізу және шығару тәсілдерін меңгеріңіз.

Криптовалюта түрлері:

• Биткоин – ең бірінші құрылған криптовалюта, сондықтан оның орны бөлек;
• Альткоин – биткоин емес, бірақ өз блокчейні және өндіру мүмкіндігі бар баламалы коиндер;
• Стейблкоин – бұл криптовалюта құны тауардың бағасы немесе доллар бағамы сияқты нәрсеге негізделген;
• Токендер – компанияға инвестициялар тартуға қызмет етеді, олардың блокчейні жоқ;
• Defi – криптовалюта және олардың функцияларын біріктіретін бірқатар қызметтерді ұсынатын платформалар;
• NFT – суреттер немесе антиквариат сияқты бірегей заттарды иелену туралы ақпаратты блокчейнге беру үшін қолданылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер