Сауд Арабиясы Қытаймен мұнайды долларға емес, юаньға сату мүмкіндігін талқылап жатыр

2520
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабиясы Қытаймен мұнайды долларға емес, юаньға сату мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

The Wall Street Journal екі  ел арасындағы келіссөздерге Эр-Рияд пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастардағы келіспеушілік себеп болғанын жазды. SA АҚШ-тың Йемендегі азаматтық соғысқа араласуына және олардың Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздеріне наразы. Бұған қоса, Сауд Арабиясының ресми өкілдері өткен жылы АҚШ әскерінің Ауғанстаннан тез шығарылуына ренішін  білдірді.

Алайда Сауд Арабиясы мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас берік. Бейжің патшалыққа өзінің баллистикалық зымырандарын жасауға көмектесті және Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бен Салманның жобаларына инвестиция сала бастады.

Қазір Эр-Рияд мұнайын сату бойынша транзакциялардың көпшілігі  80% доллармен жүзеге асырылады.

Қытайға мұнайды юаньға сату доллардың әлемдік мұнай нарығындағы орнын әлсіретуі, сондай-ақ Қытай валютасын қолдауы мүмкін екені атап өтілген.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер