Мұхтар Тайжан жаңа партия құрмақ

2631
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жаңа партия құрмақ. Бұл туралы ол Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік, яғни бүгін залда отырғандардың – Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысуы керек… Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы Жер қорғаны болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол саяси және экономикалық көзқарасын қолдайтындарды тіркелуге шақырды.

“Ол үшін біз - ел мен ұлт жанашырлары - жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп - билікке келуіміз қажет!”,- деді Мұхтар Тайжан.

Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер