Жаяу жүргіншілер жолында Маңғыстаулық жүргізуші жас баланы қағып кетті (ВИДЕО)

3999

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылында көлік жаяу жүргіншілер жолында баланы қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кеткен видео пайда болды. Облыстық полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 14 наурыз күні сағат 13.30-да Маңғыстау ауылында «Келдаман» сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған.

Opel Vectra көлігінің жүргізушісі алты жасар қызды қағып кеткен.

"Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды. Жүргізушіге қатысты 610-баптың 2-бөлігі "Көлiк құралдары жүргізушілерінің өзгелердің денсаулығына жеңіл зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды және ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі «Жүргізушінің өзі қатысушысы болған жол-көлік оқиғасы болған жерді ережені бұза отырып тастап кету» тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket