Тек Президент өзінің шешуші әрекеттерімен хаосты тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды - Айман Омарова

2434
Adyrna.kz Telegram

Тек Президент өзінің шешуші әрекеттерімен хаосты тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова мәлім етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Baq.kz хабарлауынша, қазіргі таңда «AQIQAT» қоғамдық комиссиясы қаңтар оқиғаларын зерттеу бойынша жұмыстар атқаруда. 

Біздің қоғамдық тексерудің маңызды ерекшеліктерін назарларыңызға ұсынғым келеді. Біріншіден, комиссия сотқа дейінгі тергеу мен сотты алмастырмайды. Екіншіден, комиссия тек қолжетімді материалдар негізінде ғана қорытынды шығарады. Үшіншіден, комиссияның қорытындысы қаңтар оқиғасына қатысты істің барлық материалдарына толық қолжетімділік қамтамасыз етілмегендіктен, толық емес, аралық болып табылады, - деп атап өтті құқық қорғаушы.

Сондай-ақ  ол комиссия құрамына тоқталды.

Комиссия құрамында 20-дан астам адам бар. Олардың 99%-ы –қылмыстық процестерде үлкен тәжірибесі бар қазақтілді заңгерлер мен құқық қорғаушылар, - деді Айман Омарова.

Сонымен қатар ол қаңтар оқиғасының себептеріне тоқталды.

Бүніе оқиғаның алғышарттары, себептері, сондай-ақ біздің пікірімізше, қаңтар оқиғасы кезеңінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамына тоқталғым келіп отыр. Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындалған. Дегенмен, террористік ұяшықтардың бар екендігі туралы ақпарат одан да ертерек шықты. Көп адамдар барлығы бейбіт митингтен басталды деген жаңсақ пікірде. Шын мәнінде, барлығы оқиғаға ақпараттық дайындықтан, одан біршама ертерек уақытта басталған, - деді адвокат.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер