«Ең жаманы әлі алда»: Франция Сыртқы істер министрі Путиннің жоспарын әшкереледі

7139
Adyrna.kz Telegram

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Ресейдің Украинаға қарсы соғысының ең сорақысы әлі алда деп есептейді. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин максимализмге бой алдырып, қалаларды бомбалауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Министр сондай-ақ 13 наурызда қандай санкциялар күшіне енетінін және олар Ресей Федерациясын тағы қалай жазалайтынын ескертті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы ол Ouest-France эфирінде айтты. «Ресейге қарсы санкциялар ешқашан мұншалықты тиімді болған емес» деп сендірді Жан-Ив Ле Дриан.

"Бізде украиндықтарды қолдаудың өте күшті логикасы бар. Санкциялар болды, басқалары да болады. Олар Владимир Путин үшін соғыс шығынын арттыруға арналған", - деді ол.

Сонымен, 13 наурыздан бастап:

  • Ресей Федерациясынан болат өнімдерін импорттауға тыйым салу;
  • Ресей Федерациясына сәнді тауарларды экспорттауға тыйым салу;
  • Ресей Федерациясында мұнай өндіру мен өңдеу зауыттарына кез келген инвестицияға тыйым салу;
  • ресейлік олигархтардың санкциялық тізімін кеңейту жүзеге аспақ.

"Мен ештеңе қозғалмай жатқанын көріп отырмын. Біз өте қиын жағдайға тап болдық, мұның бәрі біздің жұмысымызға әсер етеді. Бұл ұзақ уақытқа жалғасады. Президент Путин өзінің максимализміне бой алдырып, "ревизионизмді" көрсетті. Ол қарулы қолдарымен ревизионизммен айналысуда", -  деп шағымданды ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер