Қазалы ауданында 3 ауылға газ тартылды

2777
Adyrna.kz Telegram

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдарына газ тарту рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл елді мекендерге орамішілік газ желілерінің құрылысын жүргізуге биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде тиісті қаржы бөлінді.


Көгілдір отын берілген уақытта Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдарындағы 3 мыңнан астам отбасы және 26 әлеуметтік қамтамасыз етілетін болады. Жалантөс батыр ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Дарипа Қалмырза қуанышымен бөлісіп, ризашылығын білдірді.

- Бізде бүгін қуанышты күн. Себебі көптен күткен газ келгелі тұр ауылымызға. Өте ризамыз. Әйел адамдардың тұрмыс-тіршілігі жеңілдейтін болды. Бұл мәселені ауыл тұрғындары көптен бері көтеріп жүрді, енді міне, шешімін табуда, - деді.
Ауылдарға көгілдір отын апару нәтижесінде өңірде газбен жабдықтау жұмысы 67% жетті. 2025 жылға дейін тағы 22 елді мекенге газ тарту жоспарланып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер