Aidyn Ken: Соғыс 1 жұмадан кейін бітуі мүмкін

6810
Осымен 10-15 жылдай болар Billingcat жеке ұйымы өз ісін атқаруда. Мақсаты бір - дүниежүзілік мемлекет тарапынан болып жатқан қылмыстық істерін ашу. Ұйымның басшысы Христо Гроздев мырза басында Америка, Еуропа мен Израильдің қылмысына назар аударған болса, соңғы жылдары толығымен Ресейге назарын салды. Бұл ұйымның агентурасы өте кең, бүкіл елдерде жасырын ұйымшалары бар. Жұмыс барысында сайттарды жасырын түрде ашу, ұялы телефон арқылы хабарларасу ақпаратарын жинау мен тағы басқа айласын қолданылады.
Төменде сол Billingcat ұйымының ақпараты. Украина осы жұмада орыс әскерін толықтай тоқтатты деуге болады. Ресей армиясы енді шегініп тұрып қорғаныс стратегиясына көшті. Бірде бір ірі қала алынбаған. Енді жеңіліп бара жатып, басқа айлаға көшті - Киевте биологиялық қару бар деп жатыр, Беларуссияға провокация жасау, тіпті химиялық қаруды құстар арқылы тасымалдау және тб жексұрын ақпараттар.
Украинадағы соғыста осымен екінші генерал қаза тапты. Ресей армиясының өлгендер саны 13 000 адамға таяп қалды. Ресей армиясында толықтай деморализация, қашқындар көп. Мәскеу сол өлгендердін санын айтпау үшін, жеңіліп жатқанын көрсетпеу үшін Ресейде фэйсбук, ютуб, телеграмм, тикток, батыс ақпарат арналарын көрсетпей жатыр.
Ресей өлген солдаттарын қайтарғысы келмей жатыр. Амалсыздан украиналықтар қаза тапқан байғұстарды топтастырып көміп жатыр. Ресей елге өлгендерді қайтармау үшін штаб бойында мобильді крематорияларды орналастырып, күні-түні өлгендерді өртеп жатыр. Сұмдық масқара деп осыны айт. Өзінің азаматтарын осылай қастерлемей жою бұл енді фашизм деуге болар.
Кремльдің ішінде - ауытқу. Кейбір шенеуніктер мен генералдар Путинге қарсы шығу ұйымдарын құрып жатқаны белгілі болды. Істері асатын болар егер қорғаныс күштері қолдаса. Христо Гроздевтің пікірінше соғыс бір екі жұмадан кейін басынады. Ресейге үзіліс керек. Шығын тым көп, армияны жабдықтап толықтыру қажет, уақыт керек.
Ал үзіліске Украина қалай жауап бермек. НАТО-ның талабы - Ресей басынса, уақыт бермей, армиясын талқандап қуып жіберу. Тіпті Арестовичтің ойы Қырымды босатып қайтару. Көрерміз. Менің ойымша Зеленскийге соңына дейін бару керек, жерлерін қайтарып соғысты аяқтау керек.
Ресей өз елінде жабылған шетел кәсіпорындарының мүлкін жекешелендіріп тартып аламыз депті (IKEA, Макдональдс, Самсунг және басқада мыңдаған өндіріс көздері, офистері мен зауыттары). Оған жауап шетелден тез түсті - шетелде тұрған Ресей мүлкін жауап ретінде айырып тастаймыз депті.
Биллингкэт ақпараты бойынша Шешенстан президенті Рамзан Кадыров өзінің гвардиясын жоғалтып алғанын біліп, енді Қорғаныс министрі мен генштабтармен ұрысып, өшін ала алмай жүр екен. Әрдайым соны қолпаштап жүрген Золотов деген генерал үн түнсіз. Ақыр соңында елдің құлдырауы сол Шешенстаннан басталатын секілді. Кеше тағы да жаңа санкциялар жарияланыпты - енді Ресейдің астығына, алмаздарына, балық өніміне, шекеріне, ауыл шаруашылық өніміне шектеу қойылды.
Ресей экономикасы құлдырау үстінде. Financial Times ақпараты бойынша Ресей экономикасы соғыс пен санкция зардабынан әл-ауқаты 35% пайызға түсті. Бұл 2 ғана жұманың нәтижесі. Ресей рублін долларға шаққанда ЦБ РФ ұстап тұр, кәзір сол 120-ның қасында, демек құны тағы да құлайтыны бәріне мәлім. Көпке дейін ұстайтындай қаржысы жоқ. Содан болар Э.Набиуллина ханым өз еркімен кетуге екінші рет Путинге сұраныс жазыпты. Демек Путин отставканы қабылдамады.
Шетельде жүрген Песковтың жанұясына, балалары мен әйеліне санкция қойыпты, шоттарын жауып, еліне қайтарып дегендей. Шіркін-ай десеңші. МВФ-та жатқан Ресейдің 645 млрд доллар жабық тұрған қаржысын енді сол Еуроодақ Украинаға бермекші, компенсация ретінде. Бәрекелді!
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket