Қазақстанда есірткі тасымалдау ісінің негізгі арнасы анықталды

4656
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 6 наурызында Атырауда ҰҚК департаментінің қызметкерлері аймақтық каннабис тобының есірткі заттарын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

7 наурызда топтың тағы бір мүшесі ұсталды, алдын ала мәлімет бойынша, ол есірткі арнасын ұйымдастырушы болған.

Процессуалдық шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден астам марихуана тәркіленді, оның құны қара нарықта 60 миллион теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі құралдарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді.

Атырау облысының тергеу соты аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бұған дейін ЕК ҰҚК қызметкерлері 220 мың доллар тұратын есірткіні тәркілегенін жазған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер